Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Баня-Лукада (Босния және Герцеговина) өтіп жатқан ATP 250 сериясындағы турнирдің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы матчта қазақстандық теннисші португалиялық Франсиско Кабралмен жұптасып, хорватиялық Иван мен Матей Шабановтарды 6-4, 6-4 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 28 минутқа созылды.

Фото: olympic.kz