Германияның Штутгарт қаласында WTA 500 Porsche Tennis Grand Prix Stuttgart 2023 сериясындағы турнир басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші раундта Қазақстанның әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина 19 сәуірде WTA рейтингінде 65-орында тұрған германиялық Юле Немайерге қарсы матч өткізеді.

Келесі айналымға шыққан жағдайда Рыбакина Мартина Тревизанмен (Франция) - Беатрис Хаддад Майямен (Бразилия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Турнир арнайы жабынды корттарында өтеді. Жүлде қоры жарты миллион доллардан асады. Жеңімпазға жүлделерден басқа автокөлік беріледі.