Ағымдағы маусымда қазақстандықтар Айдос пен Дастан Кенжеғұловтар, Бақдәулет Әкімәлі, Искендер Харки қатысқан Badener (Баден) үстел теннисі клубы Австрия чемпионатында қорытынды 6-орын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Команда Австрия чемпионатының жоғарғы дивизионында өз орнын сақтап қалды. Соңғы екі матчта Badener SPG (Линц), UTТC (Зальцбург) клубтарымен 3-3 есебімен тең түсті.

Айта кетейік, шешуші ұпайларды Дастан Кенжеғұлов жеңіп ала алды.