Жеңіл салмақта бұрынғы UFC чемпионы ресейлік Петр Ян 21 қазанда Абу-Дабиде өтетін турнирде сегізбұрышқа оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта Янның командасы америкалық Роб Фонтпен жекпе-жек өткізуді қарастырып жатқаны туралы ақпарат бар.

Айта кетейік, Фонттың өзі де Янмен төбелесуге ниет білдірген.