Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жұптық сында Алекс Лоусонмен (АҚШ) бірге Морелостағы (Мексика) Челленджердің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар неміс Эльмар Еюпович пен латвиялық Роберт Стромбахты 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Матч тура 1 сағатқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен АҚШ өкілдері 6 эйс орындады.