«Ақтөбе» футбол клубы шабуылшы Уго Видемонның жарақатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

- «Ақтөбенің» франциялық шабуылшысы Уго Видемон тізе жарақатына байланысты алдағы матчтарға қатыса алмайды.

«Ордабасымен» өткен ойыннан соң Угоның былтырғы жарасы қайта сыр берді. Қазір ойыншы медициналық тексерістен өтіп жатыр.

Видемонның қатарға қосылатын нақты уақыты белгілі болғанда қосымша хабарлаймыз, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.