«Ордабасы» мен Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шымкенттік клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, Асхат футболдан Қазақстан чемпионатының 6-туры аясында өткен «Тобылға» қарсы ойында жарақат алған. Ол қазір қажетті ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, «Ордабасы» өз алаңында «Тобылды» 4:1 есебімен жеңген болатын. Тағыберген сол ойында айып добынан гол соқты.