Қазақстандық спортшы Нұрсұлтан Аманжолов нокаутпен жеңіп, Boxrec.com боксшылардың әлемдік рейтингіне қайта оралды, деп хабарлайды Prosports.kz .

Инчхонда (Оңтүстік Корея) өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы кореялық боксшы Сук Хи Анды үшінші раундта нокаутқа түсіріп, ауыр салмақтағы өкілдер арасында әлемдік рейтингке қайта оралды.

Дәл қазір Нұрсұлтан Аманжолов – 307-ші қатарда.