2023 жылғы Қазақстан кубогы 1/8 финалының алғашқы матчтары атақты ойыншы, төреші және инспектор Александр Мазманьянның құрметіне өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚКФЛ-ға сілтеме жасап.

Александр Николаевич «Қайрат», «Целинник», «Химик» (Жамбыл), «Жетісу» (Талдықорған) шеберлер командаларында 20 жылдан астам уақыт ойнап, қазақстандық футболда елеулі із қалдырды. Мансабы аяқталғаннан кейін ардагерлер спортын насихаттауға белсенді қатысып, ардагерлер арасында ТМД чемпионатының күміс жүлдегері, ардагерлер арасында Дүниежүзілік ойындардың қола жүлдегері, ардагерлер арасында Азия чемпионы атанды.

1988 жылдан 1996 жылға дейін Мазманьян футбол төрешісі қызметін атқарды. 1996 жылдан бастап инспектор болып жұмыс істеді.