Футболдан Қазақстан чемпионаты клубтарының трансферлік табысы 2002 жылдан бері алғаш рет шығыннан жоғары болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Дядя Ваня» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, Қазақстан Премьер-лигасы командаларының биылғы жалпы шығыны 250 мың еуро болды, ал ойыншылар сату және жалға беруден түскен табысы 3,05 миллион еуроға жетті.

Бұл Қазақстан 2002 жылы УЕФА-ға мүше болғаннан бергі ең жақсы трансферлік көрсеткіш. Өткен жылы ҚПЛ клубтары ойыншы сату және жалға беруден 285 мың еуро табыс тауып, ал ойыншы алуға 620 мың еуро жұмсаған.

Бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында Португалияның BWIN лигасы тұр. Олар 244,99 миллион еуро ойыншы алып, 621,17 миллион еуро ойыншы сатқан.