«Реал» жазда бас бапкер қызметіне Юлиан Нагельсманнды шақыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sky Sport мәліметінше, мадридтік клуб «Баварияның» бұрынғы бапкерін шорт-листке қосқан. Тізімде неміс маманынан басқа да бапкерлер бар.

Карло Анчелотти тек Чемпиондар лигасын жеңіп алса ғана мадридтік командада қалатыны хабарланды.

Нагельсманнды «Челси» мен «Тоттенхэм» де шақырғысы келіп отыр.