Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлем және Қазақстан әйелдер құрамаларының бірінші матчында шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, қытайлық Хоу Ифаньді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz.

Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, қытайлық Хоу Ифанды жеңілгенін мойындауға мәжбүр етті. Бибисара әйелдер арасында ФИДЕ-де ең жоғары рейтингке ие шахматшыдан басым түсті.

«Бибісара 2021 жылы шахмат тарихында блицтен ең жас чемпион атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. 2022 жылы блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы болды! Бүгін де Бибісарамыз бізді керемет жаңалықтармен қуантып отыр. Мысалы, мынадай керемет жеңіс!», – делінген хабарламада.