Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңіне жолдама алды. Ярослава Шведованың шәкірттері Астанада Beeline Arena топырақ төсенішіндегі кортта Польша құрамасын 3:1 есебімен ұтты.

Елена Рыбакинада екі, Юлия Путинцевада бір жеңіс бар. Поляктар жұптық бәсекеде ұтты.

Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов ұлттық әйелдер құрамасы мен барлық қазақстандықтарды жеңіспен құттықтады.«Біздің ұлттық құраманы Билли Джин Кинг кубогі іріктеу кезеңі аясында Астанадағы жеңісімен және әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығуымен құттықтаймын. Тартысты бәсекеде Польша командасын ұтқан Қазақстан құрамасы өзінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте көрсетті. Әлемнің үздік ондығына енетін күшті командалардың бірі екендігін дәлелдеді. Жұлдызды ойыншылар Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Анна Данилинамен бірге Қазақстан құрамасы сапында жастар Жанель Рүстемова мен Аружан Сағындықова, сондай-ақ тәжірибелі Гөзал Айнитдинова өздерін көрсетті. Мен жеңіспен тағы да құттықтап, спортшыларымызға алдағы әлем чемпионатында бұдан былай да сәтті өнер көрсетулеріне тілектестік білдіремін», деді ол.

ҚТФ президенті Қазақстан құрамасының барлық жанкүйерлеріне ризашылық білдірді – ересектермен қатар еліміздің түрлі өңірлерінен Астанаға келген, тенниспен айналысатын 500-дей бала спортшыларымызды қолдады.