Теннистен Қазақстан әйелдер командасының капитаны Ярослава Шведова Билли Джин Кинг Кубогы аясында Польша командасымен екі күндік кездесуді қорытындылады.

- Көрермендер үшін жақсы атмосфера болды. Сәуір айындағы ерекше ауа-райына қарамастан, көрермендер көптеп келді. Қар мен боранды елемей бізді қолдауға келгендердің барлығына өте ризамын.

Әрине, біз басты олжа үшін үміттеніп қана қоймаймыз күресеміз де. Ел үшін ойнағанда, сіз кейде табиғаттан тыс ресурстарды тауып, кез-келген адамды жеңе аласыз, керемет ойнай аласыз. Барлық қатысушыларға әрқашан мүмкіндік тең, бірақ бізде басқаларға қарағанда мүмкіндігіміз көбірек болады деп үміттенемін (күледі), - деді Шведова.

Қазақстан іріктеу матчында Польшаны сенімді түрде жеңді. Билли Джин Кинг кубогының соңғы финалдық қорытынды бөлімі 7-12 қараша аралығында өтеді. Матчтардың өтетін орны әлі белгісіз.