Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов 21 сәуірде Оломоуц қаласында (Чехия) шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 25 жастағы никарагуалық боксшы Робин Саморамен жұдырықтасады. Бұл кездесуде бірінші жартылай орта салмақтағы WBC CISBB титулы сарапқа салынады.

Айта кетейік, Дәукенов кәсіпқой рингте 11 рет жеңіске (5 нокаут) жетіп, 2 рет жеңіліске ұшыраған болатын.