Танымал UFC файтері Шавкат Рахмонов «Ләйлә Сұлтанқызы» ютуб-арнасына берген сұхбатында әйеліне деген сезімі туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Уйде қай тілде сөйлесесіңдер?

- Негізінде қазақша сөйлесеміз, балабақша қазақша, бірақ балалар орысша сөйлейді, қоршаған орта әсер етуі мүмкін шығар.

- Қыдырғанның ішінде тауға бару, велосипед тебу, кинотеатрға бару. Қыдыру сіз үшін не?

- Иә, мен жаяу жүргенді, велосипед тебуді жақсы көремін. Киноға барсам адамдар мазалайды, суретке түсуді сұрайды, демалғандай бола алмайсың. Сол үшін әйелім киноға неге шақырмайсың деп сұрайды.

- Енді әйелдердің барлығы сондай, біз романтика күтетін шығармыз мүмкін. Әйеліңіз спорт саласынан ба?

- Бұл туралы айтқым келмейді. Мүмкін бұрын қатысқан шығар, бірақ негізінде спорт саласынан емес.

- Ол қай саладан?

- Ол енді оқуды бітіріп жатыр, үзіліс болды.

- Әйеліңізге сыйлық пен гүлді қаншалықты жиі сыйлайсыз?

- Шынымды айтсам, мен романтик емеспін.

- Әйеліңіздің ренжуіне себеп бар екен ғой, шетелге апармайсың, гүл сыйламайсың, үнемі үйде балалармен ба?

- Балаларыма көп уақыт өткізуге тырысамын. Олар да мені жақсы көреді, іздейді.

- Үлкен қызың біле ме, чемпион екеніңді түсіне ме?

- Иә, егер теледидардан немесе интернеттен бір жерден көрсе, бұл менің әкем деп айтып, қолымен соққыларды көрсетеді.

- Шавкаттың қорқынышы. Сен неден қорқасың?

- Құдайдан қорқамын. Бірақ мен адам болғандықтан, әртүрлі қорқыныштар болады. Бұл сұраққа жауап беру оңай емес.

- Шавкаттың арманы?

- Армандарымды айта алмаймын. Меніңше, бұл дұрыс емес сияқты.