Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік теннисшілері рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина жетінші орында қалды.

Юлия Путинцева 2 сатыға көтеріліп, 45-орында тұр. Жібек Құламбаева 427-орынға (+14) көтерілді.

Жұптық сындағы Қазақстан өкілдерінің үздігі Анна Данилина 26-орында, Елена Рыбакина бір сатыға төмендеп, 96-орында тұр.