«Тобылдың» бас бапкері Милич Чурчич «Ордабасыға» қарсы ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Бірінші таймды жақсы өткіздік, бір гол соқтық. Вукадинович тағы бір жүз пайыздық мүмкіндікке ие болды, алайда ол қақпашыдан айласын асыра алмады. Бұл голды соққанда, ойын мүлдем басқа сценарий бойынша өрбитін еді.«Ордабасы» – өте сапалы команда, ойын қиын болатынын білдік. Мен екінші тайм туралы мүлдем сөз қозғамас едім, себебі сылтау іздегім келмейді. Мұндай дәрежедегі ойында жинақылықты жоғалтуға болмайды, өкінішке қарай, басқаша болды.Қалай болғанда да, біз одан әрі жұмыс істеуіміз керек, қателіктерімізді түзетеміз. Соңына дейін күресеміз», - деді Чурчич.