17-23 сәуір аралығында Кореяның Сувон қаласында хоккейден бірінші дивизионның «В» тобында әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

А тобына жолдаманы турнирде бірінші орын алған команда алады. Қазақстан құрамасының қарсыластары Ұлыбритания, Словения, Италия, Польша және АҚШ командалары болады.

Турнир басталар алдында Виктория Сазонованың шәкірттері Ұлыбритания құрамасымен бақылау матчын өткізеді.

Қазақстан - Ұлыбритания матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 09:15-те басталады. Ойын ON THE SPORTS арнасының парақшасында көрсетіледі.