Футболдан Қазақстан чемпионатының 6-туры аясында «Астана» мен «Қайрат» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана аренада» өткен ойында қонақтар 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Алматылық команда сапында Жоао Пауло дубль жасады. Бразилиялық шабуылшы екі таймда бір-бір голдан соқса, ойын нүктесін ресейлік жартылай қорғаушы Дмитрий Сергеев қойды.

ҚПЛ. 6-тур

«Астана» — «Қайрат» — 0:3 (0:1)

Гол соққандар: Пауло Жоао 3 (0:1) , Пауло Жоао 56 (0:2) , Сергеев Дмитрий 86 (0:3)