Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Найджел Доус спорттағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Манхайм клубының сайтында хабарланды.

38 жастағы Доус 2022/23 маусымында неміс клубы сапында 36 ойынға қатысып, 24 (13+11) ұпай жинады.

Бұған дейін шабуылшы Фонбет ҚХЛ чемпионатында «Барыс», «Автомобилист» және «Ақ Барс» командаларында өнер көрсеткен. Ол лигада барлығы 608 ойын өткізіп, 550 (293+257) ұпай жинады.