Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Помонада (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кеші аясында жекпе-жек өткізді. Қазақстандықтың қарсыласы мексикалық Даниэль Эчеверриа (21-11, 18 КО) болды. Сегіз раундқа жоспарлаған жекпе-жектің екінші раундында Әбілхан қарсыласын нокаутқа түсірді.

Осылайша қазақстандық боксшы проф-рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.