Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Найджел Доус ойыншы мансабын аяқтады. Бұл туралы «Мангейм» клубының ресми сайты хабарлады.

38 жастағы хоккейші биылғы маусымды немістің «Мангейм» командасында өткізді.

Бұған дейін ол «Барыс», «Автомобилист» және «Ак Барс» командаларында ойнап, ҚХЛ чемпионаттарында 293 гол соққан. Ал NHL-да «Рейнджерс», «Финикс Койотис», «Калгари», «Атланта» және «Монреаль» командаларында өнер көрсеткен.

Халықаралық деңгейде Канада, артынша Қазақстан құрамасының жейдесінде ойнады.