Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының екінші күні қалада қар жауып, күн суытты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина астанда мұншалықты көп қар жауады деп күтпегенін айтты.

- Қыста, қар жауғанда турнирлер көп өте бермейді. Бүгін, әрине, қар жауады деп ойламадық. Кеше күн суыта бастады. Мұншалықты көп мөлшерде қар жауады деп күтпедім. Биылдыққа көп қар көрмеген де сияқтымын. Сондықтан қарды көруге мүмкіндік болғанының өзіне қуанамын, - деді Елена Рыбакина.