Егор Петухов, Антон Сагадеев және Алексей Маклюков Қазақстан азаматтығынан бас тартып, ұлттық құрамада ойнамайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, Петухов «Барыс» сапынан кетеді. Маклюков екі жыл Магнитогорскінің «Металлург» командасында өнер көрсетіп келеді. Сагадеев карьерасын «Сочиде» жалғастырады.

Үшеуі Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін Ресейлік азаматтықтан бас тартпаған. Олар Қазақстан құрамасы сапында ойнамауды шешті.

Ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен Андрей Скабелка босатылып, оның орнына Ғалым Мәмбеталиев тағайындалды.

Қазақстан құрамасы 12-28 мамыр аралығында Рига (Латвия) және Тампере (Финляндия) қалаларында өтетін 2023 жылғы әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Ұлттық құрама топтық кезеңде Канада, Чехия, Латвия, Словакия, Словения, Норвегия және Швейцариямен кездеседі.