Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген жапониялық Кадзуто Такесаконы нокаутқа түсіріп, WBO International белбеуін қорғап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек Инчхонда (Оңтүстік Корея) өткен бокс кешінің басты кездесуі болды. Орта салмақтағы жекпе-жек сегізінші раундта аяқталды.

Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті, оның 11-і мерзімінен бұрын аяқталды. Жапон боксшысы 15 жеңіс пен 1 ​​тең нәтижеден кейін мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Нұрсұлтанов WBO рейтингінде төртінші орында тұр. Бұл салмақтағы чемпиондық белбеу жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлына тиесілі.