Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) келесі кездесуіне дайындалып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы Twitter-дегі парақшасында жаттығу залындағы дайындығынан фотосурет жариялады.

Айта кетейік, Жәнібек 13 мамырда Стоктонда (Калифорния, АҚШ) өтетін бокс кешінде канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) кездеседі.