Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

ОЖЖ аясында Сергей Старыгиннің шәкірттері «Снежные Барсыға» қарсы бақылау матчын өткізді. Кездесу 5:2 есебімен «барыстардың» пайдасына аяқталды.

Еске салайық, 16 сәуірде Қазақстан жастар құрамасы Францияға аттанады, онда 23 сәуірде әлем чемпионатының бірінші дивизионының А тобындағы алғашқы ойынын Венгрия құрамасымен өткізеді.