Ұзындығы 150 шақырымды құрайтын «Джиро ди Сицилия» классикалық көпкүндік тас жол веложарысының ақтық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алексей Луценко «Сицилия турының» финалдық кезеңінде жеңіске жетіп, жалпы есепте топ жарды.

Интермарше командасындағы Луис Майнтжес - Цирк - Ванти соңғы раундта екінші, ал EOLO-Kometa командасының өкілі Винченцо Альбанесе үшінші болып мәреге жетті.