Қазақстандық еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

86 келіге дейінгі салмақтағы финалда қазақстандық ирандық спортшы, Азияның үш дүркін чемпионы (2015, 2017 және 2019), сондай-ақ күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алиреза Каримиді жеңді.

Азамат Дәулетбеков қарсыластан 4:1 есебімен басым түсті.

Бұл еркін күрестен спортшыларымыздың төртінші алтыны және турнирдегі жетінші жулдесы.