Қазақстан хоккей федерациясының Атқару комитетінің отырысында Қазақстан құрамасының бапкерлер штабын тағайындау туралы шешім қабылданды, бас бапкер болып Ғалым Мәмбеталиев тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бапкерлер штабының толық құрамы:

Бапкер - Александр ВысоцкийБапкер - Ерлан СағымбаевҚақпашылар бапкері - Александр ШиминБапкер - Александр БерезенскийБас менеджер – Глеб Каратаев

Еске салайық, Ғалым Мәмбеталиев астаналық «Номад» ХК қазіргі бас бапкері, ол бұған дейін 2018 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құраманы басқарған болатын. Сондай-ақ кейінгі Универсиадада Қазақстан студенттер құрамасын басқарып, турнирде қола медаль иеленген.