Астанада Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина мен Польша құрамасының ойыншысы Вероника Фальковски арасындағы Билли Джин Кинг кубогының екінші ойыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Ұлттық теннис орталығының кортында өтті.

Кездесудің екінші ойынында Қазақстанның бірінші ракеткасы польшалық теннисші Вероника Фалковскиден 6-3, 6-4 есебімен басым түсті.

Матч 1 сағат 25 минутқа созылды.

Ертең, 15 сәуірде жекелей сында Елена Рыбакина Магда Линеттпен, Юлия Путинцева Вероника Фальковскимен кездеседі.

Жұптық сында Анна Данилина мен Гозал Айнитдинова - Алисия Росольска / Вероника Фальковска дуэтіне қарсы өнер көрсетеді.