Бокстан әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін Санкт-Петербургке ұшып келіп, алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі спортшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшының қарсыласы малавилік Рут Чисейл болады, жекпе-жекте WBC Silver титулы сарапқа салынады. Кездесу 20 мамырда «Тараз Арена» спорт кешенінде өтеді.

Белбеу иегерң абсолют әлем чемпионы Кэти Тейлорге міндетті қарсылас болады.

Фируза Шарипованың бапкері WBA нұсқасы бойынша үздік боксшы Дмитрий Биволдың жаттықтырушысы – Геннадий Машьянов болады.

Еске салайық, 29 сәуірде қазақстандық боксшы Алматыда өтетін Octagon 44 турнирі аясында Илона Бондаренкоға қарсы жекпе-жек өткізеді.