17-23 сәуір аралығында Корей Сувонында бірінші дивизионның «В» тобында хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.

Біздің қыздар Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Корея командаларымен «А» тобына жолдама алу үшін таласады. Жоғарыға тек бір жеңімпаз команда көтеріледі.

Соңғы өтінімге 23 ойыншы кірді: 3 қақпашы және 20 алаң ойыншысы.

Жаттықтырушылар құрамы алдағы біріншілікке келесі құрамды таңдады:

Қақпашылар: Дарья Дмитриева, Полина Говтва (екеуі де - «Торпедо», Өскемен) Арина Щеколова («Томирис», Астана)

Қорғаушылар: Юлия Буторина, Анастасия Дубровская, Катрин Мескини (барлығы - «Торпедо», Өскемен), Алина Иванченко, Анна Пяткова, Мадина Тұрсынова (барлығы-«Айсұлу», Алматы), Жанель Козгулова, Дария Молдабай (барлығы - «Томирис», Астана)

Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Татьяна Королева, Лариса Свиридова (барлығы - «Айсұлу», Алматы), Пернеш Әшімова, Александра Голотвина, Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова (барлығы - «Томирис», Астана), Мадианна Нусупова («Жұлдыз», Алматы), Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы, Карина Фельзинк (барлығы - «Торпедо» (Өскемен).