Щучинскіде баскетболдан Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалдық серияның алғашқы матчтары келесі нәтижелермен аяқталды:

«Ертіс» (Павлодар) – «Каспий» (Ақтау) 57:77 (8:24, 18:22, 11:9, 20:22)

«Томирис» (Алматы) – «Ақтөбе» 62:74 (13:20, 13:19, 21:19, 15:16)

«Тайгерс-КазАту» (Астана) – «Оқжетпес» (Ақмола обл.) 61:40 (18:7, 9:11, 22:12, 12:10)

«Тұран» (Түркістан обл.) – «Шымкент» 113:71 (32:13, 26:23, 31:14, 24:21)

Қазіргі уақытта «Каспий» - «Ертіс» сериясының екінші кездесуі аяқталды. Ақтаулық баскетболшылар 75:73 (21:19, 20:28, 16:7, 18:19) есебімен жеңіске жетіп, серияда 2:0 есебімен алға шығып, жартылай финалға алғашқы жолдаманы иеленді.

Фото nbf.kz