Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина «Jibek Joly» телеарнасына берген сұхбатында Билли Джин Кинг кубогы жайлы айтты.

- Мақсатымыз – жеңіске жету. Менің ойымша, біз мықты командамыз. Бар күшімізді салып, тырысып бағамыз. Командада атмосфера жақсы. Біз жақсы өнер көрсетіп, жеңіске жетеміз деп үміттенемін.

Мұндай турнирлерде эмоция басым болады дер едім. Менің ойымша, бәрі алаңдап отыр, бір жағынан қыздар үшін бұл үлкен тәжірибе, - деді теннисші.