14 сәуірде Астана қаласында еркін күрестен Азия чемпионатының екінші ойын күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні 61, 74, 86, 92 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар күреседі.

Олардың қатарында Нұрболат Әбдуалиев (61 келі), Дархан Есенғали (74 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Ризабек Айтмұхан (92 келі), Жүсіп Батырмұрзаев (125 келі) бар.

Ел құрамасынан Нұрболат Әбдуалиев алғашқы белдесуінде моңғолиялық Тюменбилегиин Тювшинтулгамен кездессе, Дархан Есенғали сингапурлік Лу Хонг Йоумен шеберлік байқасады.

Ал Азамат Дәулетбеков ширек финалда пәкістандық Нуман Зака - сингапурлік Гари Чоу жұбының жеңімпазымен жолықса, Ризабек Айтмұхан қырғызстандық Мирлан Шыныбеков пен ирактық Исса Абдул-Салам жұбының жеңімпазымен қарсылас атанады.

Сондай-ақ Жүсіп Батырмұрзаевтың ширек финалдағы алғашқы қарсыласы - жапониялық Тайки Ямамото мен үндістандық Анирудх Гулия жұбының жеңімпазы.