Еуразиялық жекпе-жек промоушені Алматыдағы OCTAGON 44 турниріндегі прелим-кардтың үш жұбын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта Қырғызстан өкілі Казакбай Тиленов (4-0) қазақстандық Рысбек Байдуллаевпен (2-1) кездеседі.

Аса жеңіл салмақ дәрежесінде өзбекстандық файтер Муслимбек Хомидов (3-4-1) қазақстандық Жасұлан Мейірмановпен (1-0) жекпе-жек өткізеді.

57 келіге дейінгі салмақта тәжікстандық Шодмон Давлятов (2-0) қырғызстандық Келечек Топчыбай уулумен (3-1) күш сынасады.

Еске салайық, OCTAGON 44 турнирі 29 сәуірде өтеді. Турнирде бокстан әлем чемпионы Фируза Шарпова, телехикая және кино актері Еркебұлан Тоқтар, танымал блогер Әділет «Упучук» Айтжанов және танымад қазақстандық ММА файтері Олжас Есқараев өнер көрсетеді.

O44 турнирінің басты жекпе-жегінде Магомед Магомедов (11-0) қазақстандық ММА ардагері Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулын қорғайды.

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы