Қырғыз файтері Ырыскельди Дуйшеев (4-0) қазақстандық Олжас Молдағалиевті (2-0) жекпе-жекке шақырды.

«Олжас, мен қазір ғана армян файтерін жеңдім. Енді маған сенің нөлің керек. 10 маусымда саған жеңілдік жасаймын. Көмектесетін болса, тыйым салынған соққыларды жасауға рұқсатымды беремін», – деді Дуйшеев.