Бахрейндік Brave CF лигасының басшылары қазақстандық файтер Аса Алмабаевты UFC-ге жібермеуге барынша тырысты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Naiza TV подкастында Dar Pro Team командасының президенті Бауыржан Уталиев айтты

— Менің түсінуімше, Brave ұсынған гонорар жоғары болған ғой? Демек олар файтерді ақшаның күшімен Brave-да алып қалғысы келді ме?

— Иә, солай болды. Олар Асудың кететінін, оның болашағы зор, медиада танымал екенін түсінді. Сол үшін онымен жалғасты жұмыс істегісі келді. Олар оған үлкен сома ұсынды. Арманы жоқ басқа адам болса, ол ұсыныстан бас тарта алмас еді. Олар: «Енді титулға таласасыз» деді. Ал егер ол белбеу жеңіп алса, жаңа келісімшарт бойынша ол аталған белбеуді екі-үш рет қорғауға міндетті болады.