Гамбиялық шабуылшы Па Омар Джобе Астананың «Жеңіс» футбол клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін 24 жастағы футболшы белорусиялық «Неманнан» (Гродно) кеткен болатын.

Па Омар Джобенің клубтық мансабында Солтүстік Македонияның Струга және Шкендия, Шейх Джамал (Бангладеш), АСЕК Ндиамбур (Сенегал), Гамбияның Реал де Банжул және Толлиндин Юнайтед сияқты клубтары болды.

2017 жылы Гамбия құрамасы сапында екі матч өткізді.