Астаналық «Номад» хоккей клубы финалдық серияның бесінші кездесуінде Ташкенттің «Хумосын» жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Ташкентте өткен кездесу 0:3 (0:1, 0:0, 0:2) есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Айта кетейік, Астана клубы өз тарихында екінші рет Жоғарғы хоккей лигасының жеңімпазы атанды. Бұған дейін қазақстандық клуб 2016/17 маусымында чемпион атанған болатын