Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовты қартарға қосқанын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Рамазан Оразов – «Тобыл» ойыншысыБүгін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «сары-жасылдармен» келісімшартқа отырды.Оразов – «Қайрат» академиясының түлегі. 2019 жылдың 11 шілдесінде ол Еуропа Лигасында босниялық «Широки Бриег» клубымен матчта дебют жасады. Қарымта кездесуде Еурокубоктағы алғашқы голын соқты. 2020 жылы латвиялық «Даугавпилске» ауысты. Екі жылдан кейін ол ресейлік «Чайка» клубымен келісімшартқа отырды, онда 12 матч өткізді. «Чайкадан» кейін Рамазан «Ақтөбе» және «Ақсу» командаларында ойнады.2021 жылы 31 наурызда Украина құрамасына қарсы ойында Қазақстан құрамасы сапында дебют жасады.Туған күні: 30 қаңтар 1998Бойы: 171 смСалмағы: 65 келіПозиция: жартылай қорғаушыАзаматтығы: ҚазақстанҚош келдің, Рэм!», - деп жазды қостанайлық клубтың баспасөз қызметі.