Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Мексиканың Леон қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

ATP рейтингінде 286-орында тұрған отандасымыз алғашқы айналымда 434-сатыға тұрған Зимбабве спортшысы Бенджамин Локке есе жіберді.

Айта кетейік, бір сағат 52 минутқа созылған кездесу 5:7, 5:7 есебімен аяқталды.