Германия Бундеслигасында бақ сынайтын «РБ Лейпциг» қазақстандық футболшы Тамерлан Ағымановқа қызығышылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

16 жастағы ойыншының құқығы «Ақсуға» тиесілі, бірақ ол қазір «Екібастұзда» өнер көрсетіп жүр.

Неміс клубының өкілдері Ағымановты қыста «Ақсудың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаралымнан өткізуді көздеген, бірақ ойыншы Қазақстан жастар құрамасы сапында жүріп бара алмапты. Бірақ «Лейпциг» ойыншы әлі де назарда ұстап отырғаны хабарладын, одан бөлек Италия А сериясында бақ сынайтын бірнеше клуб та оған қызығушылық танытып отыр.

Transfermarkt порталы футболшының трансферлік құнын 50 000 еуроға бағалайды.