«Барыс» басшылары америкалық шабуылшы Алекс Броадхёрсттың агентімен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Трансферы КХЛ | Хоккей» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Мерзімі аяқталған 45 миллион рубль болатын келісімшартпен салыстырғанда, шабуылшыға астаналық клуб 1,5 есе көп жалақы ұсынғаны хабарланды.

Айта кетейік, 30 жастағы ойыншы ҚХЛ тұрақты маусымында 67 матчқа қатысып, 30 (14+16) ұпай жинаған, ал плей-офф кезеңінде 14 ойында 8 (3+5) ұпай жинады.