Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы наурыз айындағы үздік бапкерді анықтау үшін ел чемпионатының жоғарғы дивизионындағы командалардың жаттықтырушылары арасында дәстүрлі дауыс беруді өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz ККФЛ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең көп дауысты Петропавлдың «Қызылжар» командасының бас бапкері Әли Әлиев иеленді. Оған 13 бапкердің 8-і дауыс берді (Қызылордалық «Қайсар» бұл жолы сауалнама жібермеді).

Әли Әлиевтің өзі сауалнамада екі дауыспен екінші орын алған қарағандылық «Шахтердің» бапкері Игорь Солошенкоға дауыс берді.