Шайбалы хоккейден Қазақстан-2022/2023 чемпионатының финалы, атап айтқанда оның бесінші кездесуі тарихи болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дәл қазір астаналық «Номад» пен ташкенттік «Хумо» арасындағы текетірестегі есеп 3:1 астаналықтардың пайдасына.

Бесінші кездесу Өзбекстан астанасында өтеді, егер «Номад» жеңіске жетсе, тарихта алғаш рет Қазақстан чемпионатының бас жүлдесі елден тыс жерге аттанады.