MATCH PREMIER телеарнасының мәліметі бойынша РПЛ-дың 22-турының символдық командасы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының және ЦСКА-ның жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов үшінші рет символдық құрамаға енді. Оған қоса үздіктер қатарына ЦСКА-дан Иван Обляков пен Мойзес кірді.

Қақпашы: Иван Ломаев («Крылья Советов»);

Қорғаушылар: Максим Осипенко (Ростов), Илья Гапонов («Крылья Советов»), Мойзес (ЦСКА);

Жартылай қорғаушылар: Иван Обляков, Бактиер Зайнутдинов (екеуі де – ЦСКА), Вендель («Зенит»), Никита Кривцов («Краснодар»);

Шабуылшылар: Илья Кухарчук («Торпедо»), Александр Соболев («Спартак»), Джон Кордоба («Краснодар»).