Қазақстан құрамасын және Ақтөбе футбол клубының шабуылшысы Максим Самородов тағы екі ресейлік клубтың назарын аударды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Metaratings.ru сайтының хабарлауынша, 19 жастағы футболшы Мәскеудің «Локомотив» және «Ростов» клубтарының қызығушылығын тудырған. Бұған дейін Meta-ratings.kz сайты «Спартактың» Самородовқа айтарлықтай қызығушылық танытқаны туралы хабарлаған болатын.

Айта кетейік, Максимнің клубпен келісімшарты 2023 жылғы маусымның соңында аяқталады. Футболшы биылғы жылы Премьер-Лиганың барлық бес ойынына қатысып, төрт гол соқты. Ұлттық құрама сапында екі матчқа қатысып, бір гол соқты.